Алматыда «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, Президент сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Қали Сәрсенбайдың шығармашылық кеші өтті.
«1988 жылдан бері үздіксіз шығып келе жатқан басылымның дамуына Қали Сәрсенбайдың қосқан үлесі өлшеусіз»,-дейді әріптестері. Ол еңбек жолын «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінде бастаған. Оны тек журналист емес, сондай-ақ ұлттық өнердің жанашыры ретінде қалың қазақ жұрты таниды. Шара танымал журналистің 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Пернебай Дүйсенбин, жазушы:
- Қали - қазақ журналистикасының маңдайалды азаматы. Көптеген басылымдарда істеді. Небір зиялы қауымның өкілдерімен бірге қоян-қолтық жұмыс істеді. Солардың тәрбиесін көрді. Солардың ғибратын естіді. Қали өнер саласында, театр саласында, бейнелеу өнері саласында, музыка саласында көптеген тамаша эсселер жазды.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ