Алматыда елге танымал этнограф Байахмет Жұмабайұлының 7 кітабы жарыққа шықты. Бүгіннен бастап «Балбалдар мен кешендер», «Ою өрнек», «Қазақ сауда мәдениеті», «Бұқарбай батыр», «Өшпес есімдер». «Қонақтар» сияқты туындылар оқырмандарға жол тартты. Зерттеуші «Аңсаған арман» атты еңбегінде Гималай асқан қазақтардың қилы тағдырын суреттеген.
Бұдан бөлек, «Жаңғырған жартастар үн қатады», «Балбалдар мен кешендер», «Ою өрнек», «Қазақ сауда мәдениеті», «Бұқарбай батыр» және «Өшпес есімдер» атауларымен жарық көрген шығармаларда қазақтың тарихы, өнері, киім-кешек пен сауда мәдениеті туралы кеңінен жазған. Елбасы ұсынған "»Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында бұл еңбектер елеулі, тарихи деректерімен құнды, дейді ғалымдар.
Байахмет Жұмабайұлы, этнограф:
Жеті кітаптың да өзінің маңыз мақсаты бар. Міне, осы жеті кітап бұл ретте шыққан. Жалпы, кітаптың оқырманына берері мол деп ойлаймын өзім. Мұның тарихи, болашақтық бағасын оқырман беріп жатар деп ойлаймын.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ