Атақты күйші-композитор, дирижердің шығармашылығын дәріптейтін мәдени шараға қатысу үшін 15 елден өнерпаздар келген.
Олар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Украина, Беларусь, Италия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея елдері. Шетелдің өнер жұлдыздары қазақстандықтармен бірге вокал, домбыра, дирижерлық өнер бойынша сынға түседі.
Фестивальдің алғашқы күнін дирижерлар бастады. 70 адамның ішінен таңдап алынған 20 үміткер майталман дирижерлардың алдында өз өнерлерін көрсетті. Шетелдік дирижерлардың қазақстандық оркестрмен бірінші рет кездесіп тұрғанын айта кету керек. Байқаудың шарты да сол - үміткердің жаңа оркестрмен қалай жұмыс істейтіні, ұжымды ұйыстырып, үйлестіріп, іліп алып кету шеберлігі бағаланады. Ал, қазақтың ұлы тұлғасының шығармашылығына олар үлкен дайындықпен келеді.
Берік Батырхан, Нұр-Сұлтан қаласы филармониясы, симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижері:
- Тілендиевтің шығармаларын алғаннан кейін, жәй ғана дирижерламайды, оның өмірбаянын зерттейді. Өткені шығарманы түсіну керек. Оркестрге түсіндіру керек.Өзі сезіну керек.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ