Оспан батыр туралы тың материалдарға байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оспан батыр туралы тың материалдарға байқау жарияланды

27.03.2019

Оспан батырдың азаттық көтерілісі туралы тың деректер мен беймәлім бейнелерді қайта түлеткен тілшілер мен суретшілерге жүлде қоры 13 млн теңге болатын байқау жарияланды. Бұл туралы Алматыда батырдың 120 жылдығына орай өткен баспасөз мәслихатында тарихшылар айтты.

Олардың сөзінше, ақындар айтысы мен балуандар белдесуінде көлік тігілмек. Сондықтан ұйымдастырушылар өнер ұжымдарын шараға белсенді қатысуға шақырады. Елбасы - Тұңғыш Президенттің Жастар жылы бастамасын жүзеге асыруға арналған бәйгеде жас буынның белсене араласуына мүмкіндік мол. Себебі Шығыс Қазақстан облысында Оспан батырдың рухына арнайы берілетін ас кезінде басқа да байырғы ұлттық ойын түрлеріне жастарды қатыстыру жоспарлануда.

Сайын Борбасов, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары:

- Жалпы, Оспан батыр туралы Шыңжаң, шығыс Түркістан өлкесіндегі қазақтар жақсы біледі де, жергілікті Қазақстан халқы көп білмейді. Біздің мақсат - Оспан батыр туралы Мәскеуде, қауіпсіздік комитеті органдарында сақталған деректерді ғылыми айналымға енгізу.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу