«Наурыз. Көктем. Жаңғыру». Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы осындай атаумен флешмоб өткізді. Әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері қолдарына Ассамблея жалауын ұстап, Наурыз мерекесіне орай әннен шашу шашты. Ал қақ ортасында – Қазақстан туы. Осылайша, тілі мен ділі өзге болғанымен, өзге ұлт жастары бір шаңырақтың астында бір атаның баласындай өмір сүріп жатқандарына алғыс білдірді.
Махсутбек Абдужаппаров, қалалық Өзбек этномәдени орталығының баспасөз хатшысы:
Бүкіл қазақ елін, қазақстандықтарды осы Ассамблея жастары атынан құттықтаймын. Бүгінгі мейрамды өте жоғарғы көңіл-күймен өткіздік. Бүкіл ұлттар Елбасымызды және Президентімізді қарсы алып, мейрамды үлкен деңгейде өткіздік. Біз бұған өте қуаныштымыз.
Альбина ӘШІМ