Латын әліпбиін үйрету бойынша алғашқы әдістемелік құрал жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын әліпбиін үйрету бойынша алғашқы әдістемелік құрал жарыққа шықты

26.03.2019

Латын әліпбиін үйрету бойынша емле-ережелер жазылған алғашқы әдістемелік құрал жарыққа шықты. Сондай-ақ, бүгіннен бастап елордада жаңа графиканы меңгеруге қатысты 72 сағаттық курс басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 28 мұғалім келіп, қатысып жатыр.

Былтыр Үкімет бекіткен жоспарға сәйкес, биыл емле-ереже жылы. Осыған байланысты, Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Қазақстан қалаларында семинарлар басталды. Өткен айда  Алматы, Талдықорған қаласында және Жамбыл облысында 120 адам оқытылған. Олар алған білім, біліктілігімен облыс, аудан тұрғындарымен бөліседі. Латын графикасында емле-ережесін жазу бойынша осындай екі күндік курс жаз бойы ұйымдастырылады. 

Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы:

Оқулықты, әдістемені жетілдіруде немесе тұрғындар арасында оны кеңінен насихаттауға байланысты бірнеше қосымша оқу-құралдарын дайындап жатырмыз. Жарнама мәтіндерін, қала, облыс, аудан, мекемелердің аттарын дайындаймыз. Сонымен бірге, есімдерді жазу бойынша емле әзірленіп жатыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу