Қазақты өзгеден ерекше етер ұлттық киімінің ерекшеліктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақты өзгеден ерекше етер ұлттық киімінің ерекшеліктері

26.03.2019

Әр ұлтты өзгеден ерекше ететін бірнеше фактор бар. Олар тілі, ділі және ұлттық киімі. Арабтар ақ сәлде жамылса, ацтектер дөңгеленген шляпа, еуропалықтар костюм-шалбарын пір тұтады. Ал, Ұлы даланы мекен еткен қазақ оюлы киім киген. Алайда, белгілі әрі белгісіз себептермен бүгінгі Қазақ өз ұлттық киімінен біршама ажырап қалды. Ұлттық киімді жылына бір рет, Наурызда киеді. Оюлы киімде қандай сыр жатқанын Ғабит Бөкенбай зерттеп көрді.

Айгүл кәсіби тігінші емес. Жастайынан шешесінің киім пішіп, тон тіккенінен көзі қанық. Қазір елордада шағын тігін цехын ашқан. Ұлттық нақыштағы киім тігеді. Ол өзін «қарапайым тігінші» дейтіндермен келіспейді. Оның ойынша ою ойып, бөрік тігетін әр адам ұрпақты тәрбиелейтін ұлы іс тындырып жатыр.

Айгүл Әбдірахманова, «Saukele» тігін орталығының директоры:

Оюды ойған кезде, адамның жан-дүниесін сезесің. Оны еуропалықтар алып шыға алмайды. Үстімдегі еуропалық стиьдегі киім  Екі, төрт тігіс тігіп, гүл жапсыра саласыз. Ал, қазақи нақышта тігу оңай емес.

Бекзат батыстың тумасы. Басынан бөркі, үстінен шапаны түспейді. Қысы-жазы осы қалпынан танған емес. Еуропалық киімді кимейді емес, киеді. Ал, қазақы киім өткен өмір, заманға лайық болу керек дейтіндерге айтар өз жауабы бар.

Бекзат Қосай, блогер:

Ешқандай малшылар киетін киім емес. Сән десе сән, мән десе мән бар.

Биыл Ұлттық арна Наурызды ерекше атап өтті. 1000-ға жуық қызметкері бар елдің басты арнасы Әз-Наурызды ұлттық киім киіп, көже ішіп қарсы алды. Бір байқағанымыз, қазақы киімді кисек, өзімізді өзгеге үлге етсек,  тақиямызға тар келмейді екен. Керісінше, көрген көз сүйсініп, қазақы рух төрге шықты.

 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу