Нұр-Сұлтан – елдік пен бірліктің елордасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан – елдік пен бірліктің елордасы

25.03.2019

«Елдік пен бірліктің елордасы – Нұр-Сұлтан». Бүгін осындай атаумен орталық алаңда үлкен мерекелік шара өтті. Наурыз мерекесімен ұштасқан концерт қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Әншілер тамылжыта ән шырқады, бишілер мың бұрала би биледі.

Қалың қауымның алаңға жиналудағы мақсаты – Астананың атауын Нұр-Сұлтанға өзгергеніне қолдау білдіру. Себебі елордаға Елбасының еңбегі сіңді. «Қазақстанның астанасын Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау – лайық іс»,-дейді олар.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу