Елбасының ұлттық мәдениетке сіңірген еңбегі зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының ұлттық мәдениетке сіңірген еңбегі зор

21.03.2019

Сондықтан Ұлт көшбасшысы барлық құрметке лайық. Бұл - алматылық дәстүрлі өнер өкілдерінің пікірі. Қазақтың әнін дәріптеп жүрген өнерпаздар Тұңғыш Президентке жасалып жатқан сый-құрметтің барлығы орынды екендігін жеткізді.

Алтынбек Қоразбаев - Елбасымен көп кездескен композиторлардың бірі. Тіпті, Нұрсұлтан Назарбаев сөзін жазған «Сарыарқа», «Үшқоңыр» сияқты әндері халық арасында кең танымал. Халық әртісі бұл әндердің танылуына сөзінің мағыналы, мәнді болғаны ерекше әсер еткендігін айтты.

Алтынбек Қоразбаев, әнші-композитор, Қазақстанның Халық әртісі:

- Ол кісінің кемеңгерлігіне, даналығына менің ешқандай күмәнім жоқ. Ол кісімен араласып та жүрдім. Кешегі алған «Алтын жұлдызы» құтты болсын! Бүкіл ел қуанып жатыр. Ол кісі баяғыда-ақ алатын жөні бар еді.

Бұл - Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншілері. Олар орталықта екі жылдан бері қызмет етіп, қазақтың әні мен жырын, күйі мен биін насихаттап келеді. Дәстүрлі өнердің дамуы үшін театр ашып берген Елбасының қамқорлығына алғысы шексіз.

Жанаргүл Сәркенова, дәстүрлі әнші:

- Еліміз үшін сіңірген еңбегі өте зор.

Айсәуле Қайырғазина, дәстүрлі әнші:

- Бала кезімде еститінмін, ол кісінің халық әндерін білетіні туралы, сөздерін де шатаспай жатқа айтатынын, әншілер ұмытып қалып жатса, сөзін айтып жіберетінін де еститінмін. Әртіс болып, жұмысқа орналасқаннан кейін сондай концерттердің кезінде Елбасымызбен кездесіп, сол кезде өзімнің көзім жетті.

Өнерпаздар Елбасының үлкен саясат алаңында жүрсе де, ұлттың өнерін үнемі дәріптеп жүретініндігіне разы. «Осындай айрықша қамқорлықтың арқасында ғана қазақ өнері өз биігіне көтеріліп келеді»,- дейді олар.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу