Көрісу күнін атап өткен елордада тұрып жатқан оралдықтар. Батыс өңірінде дәріптелген дәстүрді Өнер институтының студенттері насихаттады. Қонақтарға ақ дастархан жайылып, тәтті бауырсақ ұсынылды. Осы ғұрыптың аясында мерекелік ән-күй де орындалды.
Көрісу күнінде өткен кеште көпшілік бір-бірімен хал сұрасып, өткен-кеткенді әңгімелеумен шектелмеді. Халқымыздың төл өнерін жаңғыртты. Бірі дәстүрлі, халық әндерін айтса, екіншісі мерекенің маңызын түсіндірді. Жаңа жылда жиналған халық бір-біріне жақсылық тілеп, өнерпаздарға қолдау көрсетіп отырды.