Маңғыстауда Амал мерекесі тойлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда Амал мерекесі тойлануда

14.03.2019

Маңғыстау жұртшылығы бүгін Амал мерекесін тойлап жатыр. Ескі жылдың шығып, жаңа жылдың келуін білдіретін мейрам батыс өңірлерде әсіресе, Маңғыстауда сән-салтанатымен аталып өтеді. Көпшілік бұл күні дәстүрлі түрде Отпан таудың басында жиналады. Биылғы Амал мерекесіне көрші шел елдерден де меймандар келген. Сол өңірдегі тілші Аягөз Оралбайқызы қазір бізбен тікелей байланысқа шығады.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Рахмет, Гүлназ, біз қазір Қаратаудың ең биік шоқысы – Отпан таудың басындамыз. Мұнда шамамен 10 мыңнан астам халық жиналған. Бәрінің көңілі көтеріңкі, бірі-бірін мерекемен құттықтап, арқа-жарқа болып жатыр. Мұнда күн ұзағына ұлттық ойындар ойналады, ат жарысы өтеді. Қазір менің жанымда сонау Бейнеу ауданынан келген Алтынай әжеміз тұр. Әже, Амал мерекесінің маңыздылығын айтыңызшы?

Сауалнама:

- Амансын ба,қызым, бүгін  Амал мерекесі, әз-Наурыз мерекесі маңғыстаулықтар үшін ерекше күн. Самарқандтың көк тасы жібіп, қардың көбесі сөгіліп, табиғаттың ерекше күйге енетін кезі. Бүгін халқымыздың өте қуанышты күні. Дастархан жайып, әсем киімдерімізді киіп, осы күнді асыға күтеміз. 

Бұдан бөлек, мұнда қолөнер шеберлері әзірлеген бұйымдардың көрмесі мен жергілікті өнімдердің жәрмеңкесі өтеді.  

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ    

Хабарламаларға жазылу