Алматыда Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын-жазушы, журналист Сәуле Досжанның «Үлкен үйдегі үрей» кітабы таныстырылды. Жаңа туындыда «Үлкен үйдегі үрей», «Екі күйеулі келіншек», «Жалғыздың жарасы» атты романдары мен «Жатқа туған бала» хикаятында қазақ халқының XX ғасыр басынан бүгінге дейінгі қасіреті мен қуанышы терең суреттелген. Оның негізгі кейіпкері – әйел, тақырыбы – заман. «Автор сол қасірет пен қуаныштың барлығын әйел жанының сүзгісінен өткізген», - дейді қаламгерлер.
Сәуле Досжан, жазушы:
- Романда аналарымыздың көрген қиындықтары суреттеледі.
Руслан ҚОСАНОВ