Атырауда көрнекті ақын Әбу Сәрсенбаевқа ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда көрнекті ақын Әбу Сәрсенбаевқа ескерткіш орнатылды

07.03.2019

Атырауда көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Әбу Сәрсенбаевқа арналып ескерткіш орнатылды. Қоладан құйылған туындының биіктігі 5 метрге жуық. Мүсіннің авторы - Қазақстанның Мәдениет қайраткері Айдархан Қалмаханов.

Қазақ әдебиетінде алғаш рет теңіз тақырыбында қалам тербеген дарабоз дарынның cүбелі еңбектері халық жадында. Ол өз кезеңінде мектеп оқуышыларына арнап «Әдебиет хрестоматиясын» құрастырып, үшінші сынып балалары үшін «Ана тілі» оқулығын және түрлі оқу кітаптарын жазған. Дарынды жазушының шығармалары талғампаз оқырманның жоғары бағасына ие болып, орыс, эстон, түркімен, тәжік, болгар тілдеріне аударылған.

Өтепберген Әлімгереев, әдебиетші:

- Өзіңдей ақын болсақ та, 
Өзіңдей адам бола алмайды. 
Құдайсыз мынау заманда, 
Құдайдай адам керек қой, 
Әбеке, орның бөлек қой, 
Бөлек қой орның, бөлек қой

Қазақ поэзиясының ақсақалы болған, 90 жасап дүниеден өткен ақынға ескерткіш орнату - қазақ әдебиетіне көрсетілген құрмет.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу