Астанада «Ана мен бала» атты мерекелік-қайырымдылық концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ана мен бала» атты мерекелік-қайырымдылық концерті өтті

06.03.2019

«Ана мен бала».  Бүгін Астанада осындай атаумен мерекелік-қайырымдылық концерті өтті. Көктемнің алғашқы мерекесі, Халықаралық әйелдер күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада әсем ән, күмбірлеген күй мен мың бұралған би де болды. Жобаны Оқушылар сарайы мен «Қарақат» мектеп-студиясы бірлесіп ұйымдастырды. Ана мен бала арасындағы тылсым махаббатты әуезді әнмен көрсеткен концерт келушілердің көңілдерінен шықты.

Ербол Іргебай, Астана қаласындағы Оқушылар сарайының директоры:

- Бұл жобаның негізгі мақсаты - осы қаламыздағы көпбалалы аналар, одан кейін Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерінің аналарын жинап, балаларға, аналарға жақсылап мерекелік концерт беру.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу