Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған әдеби-поэтикалық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған әдеби-поэтикалық кеш өтті

06.03.2019

Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған мектеп оқушылары мен студенттер поэтикалық кеш ұйымдастырды. Жастар ақынның махаббат және отан тақырыбындағы шығармаларын оқыды. Іс-шара мақсаты - жастарды Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстырып, поэзиясын насихаттау, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кешке қатысқан қоғам қайраткерлері өскелең ұрпақ ақынды ұмытпас үшін елімізде мектептер мен көшелерге оның есімін беруді ұсынды.

Мырзагелді Кемел, жазушы, қоғам қайраткері:

- Ол кісінің дүниеден өткеніне 5 жыл толды. Енді ол кісінің атын мекемелерге, мектептерге беретін уақыт келді. Түркістан облысы, Шымкент қаласында, Мақтаарал ауданында мектептерге атын беру жөнінде біршама әрекеттер жасай бастадым. Бұл - жай ғана атына ғана құрмет емес, ол кісінің қалдырған ізі.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу