Алматыда Алғыс айту күніне орай мәдени шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Алғыс айту күніне орай мәдени шара өтті

01.03.2019

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, көпбалалы аналар мен қала тұрғындары қатысты.

Бұл датаны жыл сайын кең көлемде тойлау дәстүрге айналды. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден аса түрлі этнос өкілдері ауызбіршілік пен ынтымағы жарасып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Осы күні елдегі диаспоралар қиын-қыстау шақта құшақ жая қарсы алған көңілі дархан қазақ халқына алғыс айтады. Салтанатты шараға жиналған этномәдени бірлестік мүшелері мерекенің көркін қыздырды. Өнерпаздар ән айтып, мың бұралып би биледі.

Абдулхалил Долқынтай, Ұйғыр мәдени орталығының мүшесі:

- Қазақ халқына үлкен рақметімізді айтамыз.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу