«Таңғажайып Шығыс Қазақстан, көрікті Қытай». Өскеменде осындай атаумен 1 ай бойы мәдени-туристік көрме өтеді. Шара аясында қытайлық туроператорлар Шығыстың шырайлы табиғатымен танысып, туристік салада қазақстандық әріптестерімен тікелей байланыс орнатады. Ал, облыстық сәулет-этнографиялық музейінде қос елдің өнері мен мәдениетін паш ететін арнайы көрме ұйымдастырылады.
Қазақстан мен Қытайдағы туристік компания өкілдері бірнеше бағытта бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Шығыс Қазақстанда археологиялық, экологиялық, емдік-сауықтыру, тау-шаңғы, техно және жағажай туризмі жақсы дамыған.
Марат Қабақов, облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Біздің табиғатты тамашалағысы келеді. Бүгінгі шарамыздың басты мақсаты - қытайлық туристерді бізге шақыру. Қытайдағы ішкі туристер өздерінің туристік нысандарын көріп, сол турпакетке біздің нысандар да кіретін болады. Біріктірілген туристік бағыттар жасауды қарастырудамыз.
Яньвэй Лянь, туристік компания жетекшісі (ҚХР):
- Қытайдың әртүрлі провинциясынан және Қазақстаннан фотоөнермен айналысатын адамдарды жинағымыз келеді. Сосын олар түсірген әдемі суреттерін бүкіл Қытайға көрсетсек дейміз. Осылай Шығыс өңірінің табиғаты өте керемет екенін барлығына жарнамалаймыз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.