Астанада студенттік театрлар фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада студенттік театрлар фестивалі өтіп жатыр

25.02.2019

Шараға Қостанай, Алматы, Көкшетау, Тараз қалаларынан шығармашылық ұйымдар келіп қатысуда. Фестиваль Жастар жылына және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Қатысушылар «Үздік қойылым», «Үздік режиссерлік шешім», «Үздік дебют» сынды аталымдарда бақ сынаспақ. Олар көрермендерге әлеуметтік тақырыптарда қойылымдар әзірлеп келген. Өнерпаздардың таланты мен шеберлігін еліміздің Еңбек сіңірген театр әртістері бағалайды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу