«Қыз бен теңіз» фильмі көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қыз бен теңіз» фильмі көрерменге жол тартты

08.02.2019

Отандық филмнің қоржыны тағы бір жаңа туындымен толықты. Астанада «Қыз бен теңіз» атты фильмнің тұсауы кесілді. Әлеуметтік бағыттағы картинаға мүгедек қыз Әселдің тағдыры арқау болады. Кейіпкер өзінің дертіне қарамастан, отбасын құрып, ана атануды армандайды. Аяқ астынан оның өмірінде ерекше жан пайда болады. Әсел бақытты болу үшін көптеген сынақтар мен қиындықтардан өтеді. Фильм 2017 жылы Алматы мен Қапшағайда түсірілген. Бір ерекшелігі, рөлдерді кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі жандар сомдайды. Басты кейіпкерді Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығының мүшесі Динара Шарипова ойнады. Оның өмірлік оқиғалары фильмде бейнеленеді. Фильм режиссерлері Мұхамед Мамырбек пен Әзизжан Заиров, картинаны шығаруға 3 жыл уақыт жұмсаған.

Әзизжан Заиров, фильмнің режиссері әрі продюсері:

- Осындай фильмдердің арқасында біз мүмкіндігі шектеулі жандардың өзіне деген сенімін арттырып, қоғамда еркін өмір сүруіне көмектесеміз. Сонымен қатар, көрерменді олардың өмірімен жақынырақ таныстыруды көздейміз.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу