Баубек батырдың есімі ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баубек батырдың есімі ұлықталды

22.01.2019

Бүгінгі буын қазақтың ұлан-ғайыр жерін көздің қарашығындай қорғаған батырларды білуі тиіс. Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Баубек батырға арналған кездесуде батырдың ұрпағы Қабиболла Шаяхметов осылай деді. Шарада Кенесарының сенімді серіктесі болған Қарауыл Баубек батыр туралы бейнеақпарат көрсетілді. Батырдың өмір жолы, ерлігі жас ұрпаққа таныстырылды. Жастар жылында ел мен жер үшін жанын пида еткен тұлғаларды ұлықтау қолға алынбақ.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу