Тараздың бұрынғы тұрғыны өз ауласынан IX-Х ғасырға тиесілі қыш құмыра тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздың бұрынғы тұрғыны өз ауласынан IX-Х ғасырға тиесілі қыш құмыра тауып алды

10.01.2019

Андрей Мостовщиков оны облыс орталығындағы музейге қайтару үшін Омск қаласынан арнайы келіпті. 54 жастағы Мостовщиков тарих үшін таптырмас дүние саналатын жәдігерді қаладағы жер телімін сатпақ болған кезде тауып алған. Былтыр күзде әкесінен мұра боп қалған үйдің бақшасын қазып жатқанда көне зат көзге оттай басылады. Музей мамандары «бұл құмыраны соғдылар пайдаланған» деп отыр.

Нұрзат Әмірбек, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

- Тараз қаласының Төле би көшесі бойында табылған екен. Мұны ғалымдар IX-Х ғасырға жатқызып отыр. Яғни, Соғды дәуірі, солардың құмырасы. Ол сол кездегі жүзім шырынын, не болмаса сүт тағамдарын құюға арналған құмыра деп есептеліп отыр. Ол құмыраның ұзындығы 30 см, ені 15-17 см.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу