Ұлы Жібек жолы қайта жаңғырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Жібек жолы қайта жаңғырмақ

25.12.2018

Атырауда тың тарихты зерделеуге бағытталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған жиынға Ресей мен Түркиядан және Дағыстан Республикасынан ғалымдар мен зерттеушілер келді. 400-ге жуық адамның басын қосқан конференцияда, Елбасы мақаласындағы Ұлы Жібек жолына қатысты тың деректер талқыланды. Енді келер жылы Атыраудағы Жібек жолы нүтелерін белгілеу мақсатында археологтардан құралған керуенді сапар өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ, экспедиция құрамы көне Сарайшық қалашығынан бастап, мәлім де беймәлім тарихи орындардың сырын ашады.

Даниял Кидирниязов, Дағыстан Республикасының тарих, археология және этнография орталығының профессоры:

- Мен көптен бері Атырауға келуді армандадым. Өйткені, көне Сарайшық қалашығының орыны осы аймақта орналасқан. Орта ғасырда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған шаһарды көзбен көріп, шынайы тарихқа тағы бір мәрте қайран қалдым. Жалпы, Каспий өңіріне тиесілі тарихи мұраларды терең зерттеу - біздің басты мақсатымыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу