Қостанайда жыршы Қасымхан Алдабергенов «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жыршы Қасымхан Алдабергенов «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды

25.12.2018

 95 жастағы абыз ақсақал бар ғұмырын ұлтымыздың ежелгі өнерін насихаттауға арнады. Үлкен сахналарда өнер көрсетті. Кейінгілерге үлгі болды, шәкірт тәрбиеледі. Қасымхан ақсақал - облыстағы ең сыйлы қарттардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Ұзақ жыл баспасөз саласында қызмет еткен. Бұл марапат – оның ұлттың рухани қазынасына қосқан сүбелі үлесінің өтеуі іспетті.

Қасымхан Алдабергенов, «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері:

- Шығармашылық еңбегімді елеп, соның қорытындысы есебінде кеудеме орден тағып жатқаны деп есептеймін. Жастарға рахмет айтамын.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу