Биыл Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қабырғасында құрылған «Гүл-бану» би ансамбліне 15 жыл толды. Бұл білім ордасындағы шығармашыл жастардың басын қосқан өнер ұжымы. «Осында қабылдану арқылы ауыл жастары ұлттық, эстетикалық құндылықтарды игереді», дейді мамандар. 15 жылдың ішінде 2000-ға жуық биге қызығатын жастар ансамбль қатарында өнер көрсетіп, дәстүрлі мәдениетті насихаттауға үлес қосқан. Бүгінде би ансамблі түрлі халықаралық жарыстарда қазақтың ұлттық өнерін әлемге әйгілеп жүр.
Бану Тұрғынбаева, ҚР Мәдениет қайраткері:
- Бұл ансамбльде көптеген Қазақстанның жан-жағынан келген, аймақтардан келген студенттер білім алады. Қаншама ауылдан келген студенттеріміз осы ансамбльдерде өнер көрсетеді, білімдерін шыңдайды. Бос уақыттарын тиімді пайдаланады.
Аманкелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.