Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Елбасы жолы. Астана» кинотуындысының көрсетілімі өтті. Оған еліміздегі кино өндірісі саласының белгілі мамандары келді. Әуелі, киноны түсіру тобы жиналған көпшілікке фотокөрме ұсынып, түсірілім кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді. Себебі, бұл 1994-1998 жылдар аралығында Елорданы Алматыдан Астанаға ауыстырудағы атқарылған қыруар жұмысты суреттейді.
Бұл кезеңде еліміздің ішкі саясатында халықтың әлеуетін көтеру өзекті болса, сыртқы саясатында жеріміздің шекарасын шегендеу мәселесі тұрған еді. Осындай күрделі кезеңге қарамай еліміздің ордасын Астанаға көшіру туралы бастама халқымызға дем берді.
Өйткені, ықылым заманнан бабаларымыз ту тігетін орданы жеріміздің орталығында салуды өсиет еткен. Міне, кинотуынды осы өсиеттің орындалуындағы Елбасының тағдыршешті еңбегін көрсетеді. Президенттің рөлін Мұрат Ахманов шебер сомдады.
Ақан Сатаев, қоюшы-режиссер:
Қытаймен, Ресеймен шекара мәселелері, ел астанасын көшіру енді басталған кезде оны бәрі қолдаған жоқ қой, қарсылықтар болды. Соның бәрін бір жарым сағатта айтып беру өте қиын. Бірақ бұл кино болғандықтан біздер бір жарым сағатта маңызды деген фактілерді алдық.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.