Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың Айтматовы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Айтматовтың орыс және қырғыз тілдерінде жазылған шығармалары әлемнің 150-ден астам тіліне аударылған. Қырғыздың және Қазақстанның Халық жазушысы атағын алған. Саяси қайраткер және білікті дипломат ретінде танылған. Кеш барысында ұлы жазушының шығармаларынан үзінділер оқылып, кітаптарының желісі бойынша түсірілген кинофильмдерден үзінділер көрсетілді.
Болат Әбділманов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Бұл Қазақстан мемлекетінің жалпы Қырғыз мемлекетіне деген, бауырлас, туыстас елге деген достығымыз. Қырғыз бен қазақ барда Шыңғыс Айтматовтың аты ешқашан өшпейді. Ол адамзаттың Айтматовы ретінде бүкіл әлемде бәрімен бірге жасай беретініне сенімім зор.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.