Балаларға базарлық. Бүгін бүлдіршіндерге арналған қос бірдей кітаптың тұсауы кесілді. Алғашқысы «Ілияс пен Заңғардың планшеті» деп аталады. Оқиға желісі өмірден алынған. Шығарма балаларды тегін танып, өткенін білуге сұрақ-жауап арқылы жетелеп отырады. Ал, «Ыбырай атамның әңгімелері» туындысы Азамат Битанның құрастыруымен жарық көрді. Мұндағы әңгіме-ертегілер комикс үлгісінде берілген. Идея авторы - Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.
Ұларбек Нұрғалым, кітап авторы:
Ертегілерден тыс, өз ойымнан құрап айтқан әңгімелерімнің ішінде «Ілияс пен Заңғардың планшеті» деген әңгімені комикс жанры негізінде шығарып отырмыз. Біреуі 3 мың данамен шықты. 2 кітап 6 мың дана.
Заңғар, кітап кейіпкері:
Мен осы кітаптың кейіпкерімін. Атым Заңғар. Мен сіздерге жеті атамды айтып берейін.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.