Еліміздің дарынды жастары анықталды. Ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметте өзгелерден ерек, талантты, талапты жастар мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Осындай жемісті, жеңісті еңбек етіп жүрген 20 жас бүгін Ақорда төрінде «Дарын» төсбелгісін кеуделеріне тақты. Олар әдебиет пен ғылымға, журналистика, халық шығармашылығы, спорт, бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино номинациялары бойынша қатарластарынан озық жастар. Жалпы, Мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бері табысталып келеді. Содан бері марапатқа бөленген жүздеген жас буын бүгінде қоғамның әр саласын дамытуға өз үлестерін қосуда.
Қуандық Рахым, әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері:
- Қазақ мәдениеті мен ән өнеріне қосқан үлесіміз теңізге тамған тамшыдай болса да, алдағы уақытта тынбай еңбек етеміз деп уәде береміз. Бұл марапат дәл қазіргі сәтте сыйлық болғанымен, алдағы уақытта өмірізге жауапкершілік деп білеміз, сенеміз.
Мерей Қарт, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері:
- Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, «Рухани жаңғыру» сынды үлкен бағдарламалар білімді, талантты, дарынды жастардың осы салаға атсалысуымен өркендейді деп ойлаймын. Мағжан сенген жастарға қазір еліміз де, егемендігіміз де сенеді. Еліміздің болашағы жастарда.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.