Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры Мәскеу қаласында өткен «Золотой Витязь» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Бұл марапатқа өнер ұжымы Ресей астанасында қазақ тілінде қойған «Отелло» спектаклі үшін «Театр – үлкен форма» номинациясы бойынша лайық деп танылды. Театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменовтің айтуынша, 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқауда Қалибек Қуанышбаев атындағы театр осымен 2-ші мәрте жоғарғы марапатқа ие болып отыр.
«Золотой Витязь» фестиваліне Қазақстан, Ресей, Армения, Сербия, Румыния және Украина елдері қатысып, қазылар алқасы 100-ге тарта қойылымның ішінен үздіктерді анықтаған.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.