Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме өтіп жатыр

04.12.2018

Қазақстандағы Қытай елшілігі Ұлттық музеймен бірлесіп «Таңғажайып Қытай» фотокөрмелер топтамасын өткізіп келеді. Бүгінгі шара Шыңжан  провинциясына арналыпты.

Шыңжан - Қытайдың ең үлкен аймағы. Бұл өңір кез келген адамды тамаша табиғатымен тартады.  Көрмеге үлкен қаланың соңғы жылдардағы экономикалық, құрылыстық, әлеуметтік даму және ұлттық мәдени мұралар салалары бойынша жеткен жетістіктерін көрсететін 100 фотосурет қойылған. Жалпы, Қытай елі жұртшылықты өздерінің ерекше әрі күрделі құрылыстарымен таңдай қақтырып келеді. Мәселен Гоцзыгоу көпірі -  тау арасынан салынған ең биік көпір. Сондай-ақ, ірі жол айырықтарын жоспарлауда да қытайлықтар алдыңғы орында тұр. Көшелерінде 7-8 қабатты көлік жолдарын кездестіресің. Бұған қоса, Синьцзян провинциясы мал шаруашылығына аса мән береді. Елден шалғай отырса да, өзен-таудың ортасында отырса да, малшыларының жағдайы қаладағылардан кем болмайды.   

Чжан Сяо, Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және Өкілетті елшісі

- Шыңжан мен Қазақстанның табиғаты бір-біріне қатты ұқсайды. Көрмедегі суреттерден елдегі табиғат көріністеріне ұқсас жерлерді табасыздар. Бұл «Таңғажайып Қытайдың» 6-шы бөлімі. Алда әлі де таңқалдыратын тамаша көрмелер ұйымдастырамыз.  

Сәуле АЛДАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу