Бұқар жыраудың өмірі мен Қазақ хандығын тақырыпқа арқау еткен фильмнің премьерасы кеншілер шахарындағы «Сарыжайлау» кинотеатрында көрсетілді. Зал көрермендерге лық толды. Тарихи туындыда жырау рөлін Халық әртісі Тілектес Мейрамов, Әнет бабаны - Досжан Жанботаев, ал, Әз Тәукені белгілі актер Қайрат Кемалов сомдаған. Өзге де тарихи тұлғалардың рөлін облыстық қазақ драма театрының актерлері орындаған. Фильмде кемеңгер Бұқардың ғана емес, оны қасынан бір елі қалдырмайтын Абылай ханның бейнесі, елдің сыртқы және ішкі саясатына қатысты ұстанымы, ауызбіршілікке шақырған даналығы, жаужүрек бабаларымыздың Ұлы дала елін басқыншылардан қорғаудағы тарихи сәттер керемет көріністермен кестеленген. Айта кету керек, фильмді түсіруге облыстық «Saryarqa» телеарнасы да атсалысты.
Алдан Смайыл, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Неге деректі-көркем фильм деп басында түсінбей қалып едім. Сөйтсем Бұқар бабаның өмірбаяны, қызметі, хандармен араласқан кездегі салиқалылығын деректі түрде түсірген және әр оқиғаны, әр сәтті көркемдік эпизодтармен кестелеген. Өте ризамын
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.