«Қайрат»-«Реал Мадрид»: Билеттер сатылымға шықты
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч билеттері бүгін сағат 17:00-де сатылымға шықты. Билет құны 30 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін барады. Ереже бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Сатып алу кезінде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі қажет. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі. Десе де үш сағат кезекте онлайн тұрып, аяқ астынан 120 мыңыншы болып кері шегеріліп кеткенін айтып шағымданушылар көп. Артынша ticketon.kz пен Freedom қосымшасы жұмыс істемей, қатып қалған. Бекітілген билет бағасы батыс трибунада - 30 мың, солтүстік пен оңтүстік трибуналарда - 75 мың, шығыс трибунада - 150 мың, батыс трибунадағы орын - 250 мың теңге саудаға шығарылған. Қазір сайтта билет сатып алу үшін 140 мыңнан аса адам кезекте тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
