Сайысқа еліміздің өңірлерінен және Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан - барлығы 47 өнерпаз қатысуда.
Кәсіби домбырашылар мен күйші, жыршылар «Домбыра», «Домбыра-альт», «Шертер», «Қобыз» және «Ғиджақ» аталымдары бойынша бақ сынайды. Шараның алғашқы күнінде Маңғыстаудың күйлерін өнерпаздар өзге ұлттардың аспаптарында ойнады. Жеңімпаздарға 300 мың теңгеден сыйақы тағайындалған.
Фарух Садықов, Өзбекстан Республикасының халық әртісі:
- Байқаудың бағдарламасы шебер құрастырылыпты. Мұрат Өскінбаевтың, қазақ музыкасы мен шетелдік өнер туындыларынан күрделі шығармалар орындалады. Сондай-ақ, әлемнің ең үздік музыканттары мен өнер тарландары шақырылыпты. Осыған көңілім толды.
Сардар Фараджев, Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі:
- Біз ең дарынды, талапты орындаушыны таңдап аламыз. Жүрегі музыка деп соққан жастар осылай жиналып, жарысып жатса, бұл ғанибет емес пе? Жалғасын тапсын демекпін!
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.