Президент: Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ
Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты сақталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесуінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді. Президент жиын қатысушыларына жуырда жариялаған Жолдауының мән-мазмұны жайында мәлімет берді. Онда біздің жаңғыруға, орнықты дамуға, ғаламдық күн тәртібіндегі Қазақстанның беделін нығайтуға қатысты ұстанымымыз көрініс тапты. Сондықтан жасанды интеллектінің қолдану аясын кеңейту және жаппай цифрландыру жаңа ұлттық идеяға айналады, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Ата заңға енгізілген өзгерістер, өкілді билік тармағы мен құқық қорғау институттарының рөлін нығайтып, атқарушы биліктің есеп беру міндетін күшейткенін жеткізді. Халықаралық ұйымдар мен сот органдарының басшылары Қазақстанның заң үстемдігін нығайтуға бағытталған реформаларына жоғары баға беріп, елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерді жіті бақылап отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
