Ұлт руханияты жаңа кітаптармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлт руханияты жаңа кітаптармен толықты

19.11.2018

Алматыда халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделханұлының «Ауадағы жазу» және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуаттың «Бөрісоқпақ» атты кітаптарының тұсау кесер рәсімі өтті.  Ұлт руханиятының қорын толықтырған еңбекке де қаламгерлердің сиясы кеппеген туындылары топтастырылған. Алайда, туындылардың тақырыптары сан алуан. «Сондықтан, өскелең ұрпаққа берері мол», - дейді шараға қатысушылар.

Сондай-ақ, шарапатты шара барысында қаламгерлердің «Өзімізше отырайық» атты талқылауы ұйымдастырылды. Онда ақын-жазушылар қоғамдағы өзекті мәселелер мен қазақ әдебиетін дамытудың жолдарын кеңесті.

Дәурен Қуат, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы:

- Қазақ әдебиеті классиктерге бай, көркем шығармаларға бай. Сол керуенге ілессе екен деп ойлаймын. Мен де адамдардың жүрегін жылытатын, болашаққа, үмітке, алға, арманға апаратын бір кітап жаздым деп ойлаймын.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу