19-қарашада Димаш Лондон төрінде өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19-қарашада Димаш Лондон төрінде өнер көрсетеді

13.11.2018

Талантты қазақ ұлының концерті туралы ақпарат Тұманды Альбион көшелерінде сайрап тұр. Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдени күндері аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараны Димаштың жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүр. Димаштың концерті өтеді дегеннен оның фанаттары Қазақстанның елшілігіне хабарласып, алғыстарын жаудырып жатыр екен. Билеттер жаппай өтіп кеткен.

Алана Абоева, Лондон тұрғыны:

- Бұрын ешқашан жыламайтынмын. Қазір Димаш орындаған әнді тыңдасам, жылайтын болдым. Әні маған қатты әсер етеді. Димаш жай ғана әнші емес. Ол адамның демін тоқтататын жан. 

Вида Майлардет, Димаштың жанкүйері:

- Мен концертке жалғыз өзім бармаймын. Өзіммен бірге бес досымды шақырғанмын. Әлі де уақыт бар. Басқа да достарыма айтамын. Мүмкін одан да үлкен топ болып барармыз.    

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу