Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Астанада Уэльске қарсы кездесу өткізеді. Бұл алдағы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойын. Матч 1 жарым сағаттан соң басталады. Дәл қазір Астана Арена стадионына жанкүйерлер ақырындап жиналып жатыр. Әріптесім Ернұр да сол маңнан тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Ернұр алаңдағы атмосфера қалай?
Ернұр Медет, тілші:
Қайырлы кеш, Шерхан. Арена маңындағы көңіл күй өте жақсы. Ұлттық құрамаға қолдау көрсетуге келгендер қазірден ақырындап жиналып жатыр. Алматылық Қайрат клубының UEFA Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өткені жанкүйерлерді бір серпілтіп тастағандай. Үміт отын маздатып, ойыншыларға деген сенімді арттыра түскені анық. Бұл кездесу қос команда үшін де өте маңызды. Уэльс турнир кестесіндегі орнын алға жылжыту үшін барын салады. Наурыз айында өткен алғашқы ойында олар өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бұл елдің клубтары Ұлыбританияның кей біріншіліктерінде бақ сынап жүргенін білеміз. Қысқасы, қарсыластардың азуын айға білеген аяқдоп отаны ағылшындармен байланысы бар. Дегенмен сескенуге себеп жоқ. Сырт алаңдағы сәтсіздіктен кейін ұлттық құрама өз жанкүйерлерінің алдында жігерлене ойнайды деген сенімдеміз. Сондай-ақ ескерте кетейік, матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Ұлттық ұлан жауынгерлері мен полиция қызметкерлері стадион төңірегін тегіс қарауылдап жүр.
Құрметті көрермен сіздер де ойынға келіңіздер, келе алмағандарыңыз сағат 19:00 де «Қазспорт» арнасынан тікелей эфирде көріңіздер. Бастысы ұлттық құрамаға жанкүйер болыңыздар. Қазір сағат 8 жарымдар шамасында алаң ортасындағы тағы да эфирге қосыламыз. Ал әзірге айтарымыз осы.
Ернұр Медет
