Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы сапары кезінде екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады.
Мемлекет басшысының ресми сапары аяқталды
Бейжің қаласының Тяньаньмэнь алаңында өткен салтанатты шараны 20-дан астам елдің басшылары тамашалады. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аяқталды. Бірнеше күнге созылған сапар аясында мемлекет басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізіп, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысты. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесін өткізіп, бірқатар кәсіпкерді жеке қабылдады. Сондай-ақ өндірістік және мәдени нысандардың ашылуына қатысыты. Бастысы екі елдің арасындағы байланысты арттыруға бағытталған маңызды құжаттарға қол қойылды.
Темірлан Нұрсолтанов
