Ертең Футболдан Қазақстан құрамасы Астанада Уэльске қарсы кездесу өткізеді. Ойын 4-қыркүйек күні «Астана Аренада» сағат 19:00-де басталады. Жалпы ел құрамасы J тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн. Ұлттық құрама әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде қыркүйекте Уэльстен кейін сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.
Құраманы бірге қолдап, жанкүйер болайық! Ал дәл қазір Астана-Аренада командалардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Ол жайлы алдағы эфирде ақпарат береміз.
Азамат Нұғыманов
