Шаңқобыз, сазсырнай және «Әлия» әні. Мәскеудегі «қызыл алаңда» қазақстандық әскери-музыкалық ұжым көрермендерді ерекше қойылымдарымен тәнті етті.
«Спасск мұнарасы» халықаралық әскери-музыкалық фестивалі биыл 17 мәрте өтті. Қазақтың танымал шығармаларының әуенімен Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауыл ротасы саптық дефиле көрсетті. Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова «Әлия» әнін орындады. Қазақстандық топтың өнеріне ерекше серпін берген барабаншылардың отты шоуы болды.
Оңғар Алпысбайұлы
