Трамп денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

03.09.2025

Дональд Трамптың денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат жалған. Ақ үйде журналистермен кездескен АҚШ президенті бұл мәліметті жоққа шығарды. Сонымен бірге ол демалыс күндері бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп, Вирджиния гольф клубына барып, қолы тимегенін айтқан. Демалыс күндері әлеуметтік желілерде Трамптың денсаулығы күрт нашарлады, тіптен ол қайтыс болды деген ақпарат тарады. Кейін Ақ үй бұл мәліметті жоққа шығарып, Ақ үй басшысының жағдайы жақсы деп мәлімдеген еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу