Түркістан облысында Шардара ауданының 14 білім бөлімі қызметкеріне қатысты сот үкімі оқылды. Сотталушыларға 2020-2023 жылдар аралығында бюджетті 3 млрд 700 млн теңгесін жымқырған деген айып тағылды. Яғни білім бөлімінің бұрынғы басшылығы мен есепшілері 2 млрд теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырған. Мектепте жұмыс істемейтін туыстары мен таныстарының бан карталары деректерін жасырын енгізу арқылы ақша аударып келген. Сот барысында олардың қылмыстары толық дәлелін тапқан. Алайда бір әйелдің тергеу басталмай жатып қайтыс болғаны анықталды. Қалған 14 адам әр түрлі мерзімде жаза арқалады. Қылмыстық жолмен табылған мүлік ішінара мемлекет пайдасына қайтарылған.
Дәурен Мадалиев, Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
Шардара ауданының білім бөлімінің басшысы оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Есепшілерге 7 жылдан. Келтірілген залалды толық қайтарған тұлға бар, сонымен қатар 62 жастан асқан тұлғалар бар, жалпы 4 адам рақымшылықпен сот залынан босатылды. Екі адам жасөспірім балалары болғандықтан сот үкімін орындау кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, облыс бойынша 8 ауданда білім бөлімінің қызметкерлері 12 млрд теңге көлемінде қаржы жымқырғаны дәлелденді. Облыстық прокуратура мен Экономикалық тергеп тексеру департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде қаржы ұрлаған 165 адамға қатысты тергеуді аяқтап, қылмыстық істерді сотқа өткізген болатын. Соның ішінде Жетісай, Сауран, Созақ, Келес, Сарыағаш аудандарының білім саласы қызметкерлері түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылған болатын.
Айнұр Әбілқасымқызы
