Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды

02.09.2025

Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кеше кешқұрым кәмелетке толмаған жасөспірімдер өзара жанжалдасып, олардың бірі суық қаруды марқұмның кеуде тұсына сұққан. 9-сынып оқушысы алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды. Ол Нарғоз Данаев атындағы орта метепке былтыр ауысқан. Білім басқармасы қайғылы жағдайға қатысты, оқиға оқу процесінен тыс уақытта, сыртта болды деп мәлімдеді. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. 14 жастағы күдікті қамауға алынды.

Гүлмира Жанаева, Н. Данаев атындағы орта мектептің мұғалімі:

Қанықұл Аңсар – мінезі салмақты, оқушылармен де, мұғалімдермен де қарым-қатынасы өте жылы бала. Ата-анасы жұмыссыз болғандықтан, бос уақытында анасына көмектесіп, екі қарындасына қарайды, үй шаруасына да қолғабыс етеді.

Жансая Жанболатқызы

Хабарламаларға жазылу