Қытайдың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясы 27 млрд доллардан асты. Қазіргі таңда екі ел арасында жалпы құны 60,5 млрд долларға бағаланған 212 бірлескен инвестициялық жоба бар. Олардың ішіндегі 98 бастама пысықталып жатса, 49-ы жүзеге асуда. Ал құны 12,3 млрд долларға жеткен 65 жоба толықтай іске асқан. Бұл жобалар Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіп кешені, металлургия, көлік-логистика, жаңартылатын энергетика және мұнай-газ машина жасау салаларын қамтиды. Жалпы саны 50 мың жұмыс орны ашылмақ.
Темірлан Нұрсолтан
