Өскемен қаласында көпір құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласында көпір құлады

01.09.2025

Өскемен қаласында Үлбі өзенінің үстінен өтететін көпір ортасынан опырылып түсті. Бұл облыс орталығын өндірістер көп шоғырланған шағын ауданмен байланыстырып тұрған стратегиялық нысан болатын. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Көпір құлаған кезде көлік те болмаған. Қаладағы коммуналдық салаға жауапты басшылар жауын-шашынның көптігінен көпір құлап қалуы мүмкін деген болжам жасап отыр.Соңғы екі тәулікте шығыста жаңбыр толассыз жауып тұр. Қала әкімі нысанның кепілдік мерзімі әлі бітпегенін жеткізді. Ал мердігер мекеменің жұмысына жан-жақты тексеру жүргізілмек.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу