Жас ақын Мирас Асанның «Сүйесің, жүрек, сүйесің» атты жыр жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас ақын Мирас Асанның «Сүйесің, жүрек, сүйесің» атты жыр жинағы жарық көрді

07.11.2018

Қазақ әдебиеті жаңа форматтағы ерекше еңбекпен толықты. Елге танылып үлгерген жас ақын Мирас Асанның «Сүйесің, жүрек, сүйесің» атты жыр жинағы жарық көрді. Туындының тұсаукесері Алматыдағы Жамбыл атындағы кітапханада өтті. Ақындардың астанасы саналатын шаһардағы жыр кешіне белгілі қаламгерлер жиналды. Белгілі шайырлар Мирас Асанның нәзік сезімдер мен ішкі бұлқыныстарға толы өлеңдері туралы пікірлерімен бөлісті. Ал, 200 беттен тұратын жаңа кітапта ақынның соңғы алты жылда жазған, бұрынғы жинақтарына кірмеген тың жырлары бар. Сондай-ақ, «Домбыра» атты поэма-понорамасы мен «Анна әуендері», «Вознесенский әуендері» сияқты аудармалары да енген.

Мирас Асан, жас ақын:

- Неге «Сүйесің, жүрек, сүйесің» деп аталады? Абай атамызға сүйенуді жөн көрдім. Абай атамыз «күйесің, жүрек, күйесің, күйгеніңнен не пайда» дейді. Одан кейін Тұрсын Жұртбай «күйесің, жүрек, сүйесің» дейді. Біз «сүйесің, жүрек, сүйесің« дедік. Себебі, ол біздің жастыққа тән. Сондай-ақ, менің аудиториям жастар болғандықтан, махаббат лирикасы болғаннан кейін, осылай атадық.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу