Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Ұлым, саған айтам» қойылымы сахналанды. Әке мен баланың арасындағы әңгімеге құрылған драманың оқиға желісі өмір өзегіне айналған тақырыптарды сөз етеді. Кейіпкерлердің отбасындағы қарапайым әңгімесі арқылы бүкіл қоғамның көрінісі сипатталады. Яғни, тіршілік тартысындағы астарлы оқиғалар негізіндегі туындының басты айтар ойы - ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы екенін жеткізу. «Сондықтан, бұл қойылымының өскелең жастар үшін тағылымы мол», - дейді мамандар.
Асхат Маемиров, М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:
- Рухани құндылықтардың тамыры тереңде. Көрермендерді сондай бір адами тақырыптардың тереңіне бойлату басты мақсатымыз болды.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.