Суданның солтүстігіндегі әл-Фашир қаласында соғыс кесірінен 260 мың адам ашаршылыққа душар болып жатыр. Олардың тең жартысы балалар. Ал басқа жаққа қоныс аударғысы келгендер бомбалау операциялары мен дрондар шабуылына тап болып, зорлық-зомбылық көруде. ЮНИСЕФ-тің дерегінше, жергілікті халыққа 16 айдан бері көмек көрсетілген жоқ. Ал осы қалаға гуманитарлық жәрдем кіргізуге әрекеттенген конвойлар жауласушы тараптардың шабуылына ұшырайды.
Айта кетсек, Судан армиясы мен Дереу қолдау күштері арасында билік үшін шайқас 2023 жылы сәуірде басталды. Содан бері мұнда мыңдаған адам қаза тауып, миллиондағаны үйлерін тастап кеткен.
Арыстан Рысбек
