Ақтөбеде жас мамандар ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жас мамандар ант берді

28.08.2025

Ақтөбеде Конституция күні қарсаңында жұмысқа енді ғана орналасқан мемлекеттік қызметшілер ант берді. Шара облыстық кітапханада өтті. Жастар бұл рəсімнің өте маңызды екенін айтады. Өйткені жауапкершілік жүгі ауыр. Олар өздері таңдаған салада адал əрі сапалы қызмет атқаруға уəде берді. Жас мамандар Конституция күніне орай жасақталған кітап көрмесін де тамашалады. Кітапханашылар «Жеті жарғы» заңдар жинағы мен дауды да, жауды да бір ауыз сөзбен тоқтатқан билердің өмірі туралы баяндап берді. Көрмеге Ата заңымызға қатысты көптеген кітаптар, белгілі авторлардың еңбектері қойылған.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу