«Новая волна-2025» ән байқауының жеңімпаз жүлдегерлері елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Новая волна-2025» ән байқауының жеңімпаз жүлдегерлері елге оралды

28.08.2025

Ресей Федерациясы Қазан қаласында өткен өнер сайысында Александр Лим бас жүлдені иеленсе, Ерназар Жұбан үшінші орын алды.

Ел абыройын асқақтатқан өнерпаздарды жанкүйерлері Алматы әуежайынан күтіп алды. Ән байқауы 5 күнге жалғасты. Өнер додасына 6 елден 13 әнші іріктеліп алынған. Оларға композитор Игорь Крутой бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Ережеге сай үш күнде ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Сайыста Александр Лим 251, ал Ерназар Жұбан 235 ұпайды еншілеп, үздік нәтиже көрсетті.

Ерназар Жұбан, байқау жеңімпазы:

Барлығы орыс тілінде болды. Мен және Грузиядан келген қатысушы қыз ғана өз тілімізде ән шырқадық. Ән таңдағанда әртүрлі стильге мән бердік. Бір қалыпта қалып кетпес үшін. Бөлек-бөлек жанрды таңдаған болатынбыз.

Байғали Серкебаев, композитор:

Мен шәкірттерімді қолдаймын. Мұндай сайыстар әрқашан өз қиындығымен келеді. Бұл байқауды жақсы мектеп деп санаймын. Себебі жобаның 20 жылдан астам тарихы бар.

Нұрғали Сыздық


Хабарламаларға жазылу